Спорт

Астанада спорт нысандарының саны артады

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов алдағы үш жылда «Астананың дене шынықтыру және спорт саласын дамыту бойынша кешенді жоспар» аясында 21 бағыт жүзеге асырылатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Басты жобалар қатарында: БЖСМ №1 базасында гимнастика және өрмелеу орталығын салу; БЖСМ №2 үшін шаңғы базасын құру; №18 мектеп аумағында БЖСМ №6 үшін велоспорт трассасын жабдықтау; Үш футбол күмбезін орнату; Олимпиадалық резервтің спорт мектебі-интернаты мен колледжін салу; Шайбалы хоккей мен конькимен сырғанау спорт түрлеріне арналған модуль салу.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 2024 жылы 812 іс-шара өткізу жоспарланған, оның 648-і қазірдің өзінде жүзеге асырылды: 102 халықаралық; 159 республикалық; 387 қалалық деңгейдегі іс-шаралар.

«Жалпы, бұл іс-шараларға 429 743 адам қатысты. Халықты бұқаралық спортқа тартуға ерекше көңіл бөлінуде: AULA FIT: жоба аясында 15 кәсіби жаттықтырушы қаланың 30 ауласында сабақтар өткізіп, 3 мыңнан астам адамды қамтыды. Жоба қатысушыларының саны 5 мыңнан асты. Спорттық инфрақұрылымды, бағдарламалар мен іс-шараларды дамытудағы кешенді тәсіл әрбір қала тұрғынына белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндік береді», - деп жазды Е.Каналимов.

Айта кетейік, бұдан бұрын мәслихат депутаттары активтерді тиімді басқаруды талқылаған болатын.