«Келіндік міндетін орындап жүр»: Динара Сәтжан наурызды қалай қарсы алғанын көрсетті
Динара Сәтжан өзінің Instagram парақшасында абысындарымен жүрген видеосын жүктеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Сарыағашта нағыз көктем. 25 градус. Наурызды Мамочкамен қарсы алдық. Сонымен бірге абысындардан тағы бір мастер-класс. Бүгін - қаттама нан», - деп жазды ол.
Желі қолданушылары жазбаға түрлі пікір қалдырған.
Оқи отырыңыздар: Динара Сәтжан белгілі кәсіпкермен қарым-қатынасы туралы қауесетке жауап берді
«Ерекше жарасып тұр», «Шынайы ауыл көрінісі», «Келіндік міндетін бұлжытпай орындап жүр», «Орамал жарасады», «Өте қарапайым әрі іскер әйел ғой», «Бақытты болыңыздар», - деді олар.