Тоқаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, бұған дейін Exit-poll нәтижелері бойынша Беларусь президенті сайлауында Александр Лукашенко 87,6% дауыс жинағандығын жариялаған болатынбыз.