Шерзат Полаттың әкесі: Олар Хуторский жігіттеріміз деп айтты
Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентайдың жақтастарын шақырған кезі туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Нұрбол машинамен келді. Көлікте тағы бір жас бала болды. Нұрбол келе сала «кім ұрды?» деп сұрай бастады. Сол кезде балаға ашуланып кетпесін деп «мен соқтым» деп айттым. Кейін ол маған «Мені танымайсыңдар ма, мен Нұрболмын. Хуторский жігіттеріміз» деп айтты»,- деді Қаржаубай Нұрымов.
Оқи отырыңыздар: «Балаң денсаулығын қойып береді»: Қаржаубай Шерзат көз жұмған күн туралы айтып берді
Шерзаттың әкесі келген жігіттерге мән-жайды түсіндіріп, ешкімнің әдейі ұрмағанын айтып түсіндірген.
«Содан үшеуі қайтадан кеткендей болды. Біраздан соң қайтып айналып келді. Мен төлем кімнен түскенін айтып, чек көрсеттім. Содан дөрекі сөйлестік. Мен Нұрболға тиіскен жоқпын. Тек май кесетін пышақты далаға алып шықтым. Себебі Дархан Нұрболға дұрыс ақпарат бермеген. Оның сөзінше, ол көшеде сыра ішіп тұрғанда жас бала келіп ұрып жіберген. Далада Дарханға қарай барғанда бізді ажыратып алды. Мен оған «сен не істеп жатырсың? кешірім сұрадық. Денсаулығын қойып тастайды деген не әңгіме?» деп айттым. Содан балам қой деп айтып, мен қайтадан дүкенге кіріп, пышақты қойып қайтадан шықтым»,- деді Шерзаттың әкесі.