Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жолаушылардың жағдайы белгілі болды
11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 10 адам көз жұмды. Бүгінде аман қалған жолаушылардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Elordainfo.kz тілшісі жол апатынан аман қалған жолаушылардың бүгінгі жағдайын білу үшін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сауал жолдады.
Ведомство мәліметінше, жарақат алған үш жолаушы Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.
«1964 жылғы туған ер адам және 1967 туған әйел адам жансақтау бөліміне жатқызылды, олардың жағдайы ауыр. Сонымен қатар 1960 жылы туған әйел адам аурухананың травматология бөлімінде, жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Олар дәрігерлердің тұрақты бақылауында»,- деп жазылған хабарламда.
Айта кетейік, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Жолаушылар қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан.
Бүгінде қылмыстық іс қозғалды.