Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан марқұмдардың туыстарын Маңғыстау облысына апара жатыр
Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ведомство мәліметінше, бортта жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары бар. Олар марқұмдардың денелерін тану және басқа қажетті рәсімдер үшін бара жатыр.
Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады.
Қаза тапқандардың ішінде бес әйелдің Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласынан екені анықталған.
«Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды», - деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта жантүршігерлік жол апаты салдарынан 10 адам көз жұмды. Аман қалған үш жолаушы Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.