Оқиға

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді (ВИДЕО)

Астанада Брусиловский көшесінде тұрғын үй жанында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Құтқарушылар өртті жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелерін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Биг Шанхай» базары да өртенген болатын.