Оқиға

"Ауыр жарақат белгілері жоқ": Астанада жол апатынан аман қалған жұмысшының жағдайы белгілі болды

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Сарайшық» көпірінде болған жол апатынан зардап шеккен жұмысшының жағдайы туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Сарайшық  көшесінде болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адам жедел жәрдем қызметімен №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау бөлімінде бейінді мамандардың тексеруінен өтті. Ауыр жарақат белгілері анықталмағандықтан, пациент амбулаториялық ем қабылдау үшін тұрғылықты жері бойынша жіберілді. Жалпы жағдайы – тұрақты»,- делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Астанада бүгін түнде жол жөндеп жүрген екі адамды көлік қағып кетті, салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды.