Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасын тергеу үшін арнайы топ жіберілді
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және тергеу жүргізу үшін ІІМ орталық аппаратының арнайы тобы әуе бортымен жөнелтілді.
- Ішкі істер министрі тергеу барысын жеке бақылауға алды. Министрдің тапсырмасы бойынша жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарына жан-жақты көмек көрсетіледі, соның ішінде мәйіттерді тасымалдау және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да қолдау көрсетіледі. Жедел тергеу жүргізу және барлық қажетті шараларды орындау үшін тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан 12 адам көз жұмды.