Тоқаев Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
20 мамыр, 2025
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – делінген жеделхатта.
Ұқсас жаңалықтар
21 маусым, 2026
Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады
21 маусым, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті шақыруымен Брюссельге барады
20 маусым, 2026
Қазақстан Ауғанстанға 318 тонна гуманитарлық көмек және қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді
20 маусым, 2026
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су-энергетикалық жағдайға қатысты бірқатар келісім жасады