Соңғы жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінді

Бүгін, 13:42
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Соңғы жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 триллион теңге қаржы бөлінді
Фото: Ақорда

Мұны халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін салынған инвестиция деп қабылдаған жөн. Президент Республика күніне арналған салтанатты жиында осылай деді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

«Қазір барлық аймақта, әсіресе, ауылдық жерлер мен шалғай елді мекендерде медициналық қызметтің сапасы артып келе жатыр. 2019 жылдан бері еліміз бойынша 1259 денсаулық сақтау мекемесі салынды.

Конституциямызда ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі туралы айқын жазылды. Еліміздің азаматтары медициналық қызметтің 1 мыңнан астам түрін ақысыз алуға құқылы. Бұл, түптеп келгенде, бірегей әлеуметтік көмек десек, артық болмас.

Сонымен қатар еліміздің әрбір мектебінде барлық бастауыш сынып оқушылары және әлеуметтік жағынан осал топтағы балалар, яғни, бір миллион жеті жүз мыңнан астам оқушы ақысыз ыстық тамақ алуда.

Елімізде неше түрлі әлеуметтік жеңілдіктер бар, тіпті, олардың кейбірі жымқыру негізінде беріліп жатыр. Сондықтан қазір Үкімет бұл мәселені жан-жақты зерттеп, осы жұмыспен айналысуда», - деді Президент.