Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды

6 мамыр, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 98%-ға толды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда су қоймасында 18,04 млрд текше метр су жиналған. Бұл өз кезегінде Ақдала және Шеңгелді ауылдық округтеріндегі егіс алқаптарын суармалы сумен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Қапшағай су қоймасы Балқаш көліне құятын трансшекаралық Іле өзенінің ағынын реттейді. Вегетацияаралық кезеңде су қоймасынан Балқашқа шамамен 4 млрд текше метр су жіберілген.

«Біз трансшекаралық өзендер, соның ішінде Іле өзені мәселесі бойынша қытайлық әріптестермен тұрақты байланыс орнатқанбыз. Екі елдің үйлесімді іс-қимылының арқасында Алматы облысының шаруалары қатарынан үшінші жыл суармалы сумен тұрақты қамтамасыз етіліп отыр», деді СРИМ Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов.