Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады
15 желтоқсан, 2025
Фото: akorda.kz
18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.
Бұған дейін Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
9 тамыз, 2026
Президент Сингапур халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
8 тамыз, 2026
Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады
7 тамыз, 2026
Орталық Азия елдері Сырдарияның су есебін автоматтандыру жобасын әзірлеуді мақұлдады
5 тамыз, 2026
Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті қолдауды күшейтуді тапсырды