Мемлекет басшысы қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
31 тамыз, 2024
Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты және Қырғызстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтау жеделхатында егеменді Қырғыз Республикасының тарихындағы бұл айтулы күн елдің мемлекеттілігін одан әрі нығайтуға және өсіп-өркендеуіне берік негіз қалағанын атап өтті. Сондай-ақ Президент стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына толық сай келетін қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуына жоғары баға берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 03:06
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі
Бүгін, 02:14
Президент: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
15 наурыз, 2026
Қазақстан халқы референдумда ықыласпен дауыс беріп жатыр – Түркі мемлекеттері ұйымының өкілі
15 наурыз, 2026
Қазақстанда дауыс берушілер үшін барлық мүмкіндік жасалған – ШЫҰ байқаушылары