Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көрермендерін арнайы автобустар тасымалдайды
4 қыркүйек, 2024
Фото: Elordainfo.kz
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары көрермендерді апару үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елордада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады.
Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:
1. «Астана Арена» тұрақ аймағы
2. «Бас мешіт» тұрақ аймағы
3. «ЕХРО» тұрақ аймағы
«Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:57
Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды
Бүгін, 15:54
«Болашақ ойындары – 2026» турнирін әлем бойынша 453 млн-нан астам көрермен тамашалады
Бүгін, 08:34
Ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт екі алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты
9 тамыз, 2026
Триатлоннан Азия кубогы: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды