Астаналық полицейлер велосипед ұрлаған бойжеткенді анықтады
20 тамыз, 2024
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Астана тұрғыны түнгі уақытта тұрғын үйдің кіреберісінің алдында велосипедтің қараусыз қалдырылғанын пайдаланып, ұрлық жасаған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұрланған мүліктің құны 95 мың теңге.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері бейнекамерлардың көмегімен 23 жастағы жас қызды анықтады. Ол ұрлаған велосипедті ломбардқа өткізген.
Полицейлер ұрланған велосипедті тәркілеп, иесіне қайтарды.
Ұрлық бойынша жас қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласы Полиция департаменті тұрғындарға өз мүліктерін қорғау бойынша шаралар қолдануларын ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:12
Жетісу облысында 300 шақырымнан астам суару желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
30 сәуір, 2026
Мамырдағы мереке күндерінде ХҚКО қалай жұмыс істейді
30 сәуір, 2026
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы: ауылдағы қауіпсіздік күшейтілуде
30 сәуір, 2026
Жамбыл облысында 42 каналды реконструкциялау және бетондау жұмыстары басталды