Астанада Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
6 тамыз, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Төле би көшесінің Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығын салу жобасы аясында инженерлік желілерді салу және Төле би мен Орынбор көшелерінің қиылысында жол салу жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты 7 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы сызбада көрсетілген бағытпен ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
LRT-ның екінші кезеңі: Қосшы бағытындағы алғашқы баған дайындалды
3 мамыр, 2026
Астанадағы жәрмеңкеде өңірлерден келген 30-ға жуық кәсіпкер өнімін ұсынды
3 мамыр, 2026
Астанада қала сыртындағы айналма жолдың бір бөлігі жабылады
3 мамыр, 2026
Астанада 440-тан астам студент әскери ант қабылдады