Астанада Амман көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
3 шілде, 2025
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінің «Марал» көпірінен Шарль де Голль көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 2-4 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Амман және Шарль де Голль көшелерінің қиылысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
15 наурыз, 2026
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
15 наурыз, 2026
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
15 наурыз, 2026
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды