Астаналық мың студент Қазақстан картасының композициясын жасады

6 мамыр, 2026
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық мың студент Қазақстан картасының композициясын жасады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Отан қорғаушылар күні қарсаңында ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі студенттері ауқымды патриоттық флешмоб өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Жаңа күннің дауысы» атты іс-шараға 1000 студент қатысып, бірлесіп Қазақстан картасының композициясын жасады.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың отансүйгіштік рухын нығайту, елге деген құрметті арттыру және ұлттық бірлікті дәріптеу.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар әрбір жас буынның ел болашағына жауапты, білімді әрі саналы азамат ретінде қалыптасуына бағыт беруді көздеді.

Флешмоб барысында студенттер бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, жаңа буынның ел дамуына қосар үлесі зор екенін айқын көрсетті.