Актер Сәбит Әбдіхалықов Air Astana әуе компаниясын сынады
21 ақпан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Танымал актер, кинопродюсер Сәбит Әбдіхалықов еліміздегі әуе кемелерін сынады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өнер иесі Алматыдан Астанаға ұшпақ болған.
«Air Astana-дан билет сатып алсақ та, рейсіміз (KC624 Астана – Алматы, 21.02.25, 11:20) FlyArystan-ға ауыстырылған. Бұл туралы соңғы сәтте хабарлап, «толық қайтарым немесе басқа рейске тегін ауыстыруды» ұсынып отыр. Бірақ неге біз Air Astana-ға төлеп, FlyArystan-мен ұшуымыз керек? Қызмет сапасы мен ұшақтың жайлылығы екі түрлі деңгейде. Аттың ақшасын алып, жаяу жібергендей жағдай. Бірдеңе десең, «шағымды сайтқа жазыңыз» деп шығарып салады. Біз осыған үнемі көне беруіміз керек пе?», – деп жазды актер.
Ұқсас жаңалықтар
12 қараша, 2025
Танымал блогер Елдос Қадырханов әке атанды
3 қараша, 2025
«Бақыт құшағында» мюзиклі Парижде үздік дебют атанды
31 қазан, 2025
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концертіне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
19 қазан, 2025
«Он күн нәр татпадым»: Салтанат Бақаева пышаққа түскенін айтты