Референдум-2026

Айгүл Мұқашева: Абайдың адамдық, білім және еңбек туралы ойлары өзекті

Бүгін, 12:46
Думан Аманжол Думан Аманжол
Айгүл Мұқашева: Абайдың адамдық, білім және еңбек туралы ойлары өзекті
Фото: Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Абай күні аталып өтуде. Осыған орай Қазақстандық Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева ұлы ақынның рухани мұрасының маңызына тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, Абайдың білім мен ғылымға, еңбекке және ізденіске үндейтін өсиеттері қазіргі қоғам үшін де өзекті.

«Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өсиеті – білімге ұмтылып, ізденуге, адал еңбек етуге үндейтін өмірлік ұстаным.

Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері – халқымыздың рухани қазынасы. Оның адамдық, еңбек, білім мен тәрбие туралы айтқан ойлары бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

Абай мұрасы – әр ұрпаққа жол көрсететін өнеге.

Абай күні құтты болсын», – деді Айгүл Мұқашева.