Адвокатураның мәртебесі жаңа Конституция жобасында бекітілді
31 қаңтар, 2026
Фото: pixabay
Жаңа Конституция жобасында адвокатураның мәртебесі ресми түрде бекітіліп, оның құқықтық қоғамдағы рөлі мен дербестігі нақты көрсетілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл қадам азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталды.
Құжатқа сәйкес, адвокатура тәуелсіз құрылым ретінде танылып, құқық қорғау қызметінде маңызды рөл атқарады. Адвокаттардың кәсіби қызметі заңнамалық тұрғыдан қорғалады және олардың дербестігі қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар жаңа Конституция жобасы адвокатураның құқықтық кеңістіктегі жауапкершілігін нақты бекітіп, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының толық мәтіні жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
15 наурыз, 2026
«Референдум – 2026» республикалық онлайн марафоны басталды
14 наурыз, 2026
Бас прокуратура заңсыз активтерді қайтару бойынша 2025 жылдың есебін жариялады
14 наурыз, 2026
Қайтарылған активтер бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде – Бас прокуратура
14 наурыз, 2026
Дрондар және жасанды интеллект: құтқарушылар жұмысындағы жаңа мүмкіндіктер