Астана базарындағы алапат өрт: зардап шеккендерге көмек штабы ашылды
Астанада «Биг Шанхай» базары аумағындағы үш қабатты ғимаратта болған өртке байланысты түсіндіру штабы жұмысын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Штаб Алаш тасжолы, 30а мекенжайындағы Anuar супермаркетінің 3-қабатында орналасқан.
Штаб сауда орындары өрт салдарынан зардап шеккен жалға алушыларға, кәсіпкерлерге және базар қызметкерлеріне кеңес береді.
Әркім өзекті ақпараттар, құқықтық, қаржылық және басқа да мәселелер бойынша кеңес алып, әрі қарайғы іс-әрекеттерді айқындауға көмек сұрай алады.
Оқиға орнында ТЖД, полиция департаменті, әкімдік, инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, базар өкілдері кезекшілік етіп, кеңес беруде.
Ақпараттың тек ресми көздеріне сенуді сұраймыз, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Биг Шанхай» базары өртенген болатын.