Елорда жаңалықтары

Астанада өрттен зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетіледі

Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жекеменшік екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді. Бұл туралы Elordainfo.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Естеріңізге саламыз, бүгін елордада жеке баспана өртеніп, 4 бала қаза тапқан болатын.