Астана мәслихатының төрағасы азаматтарды қабылдады
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Зейнұлқабден Табиғат Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елорда мәслихатының төрағасы азаматтарды алғашқы қабылдау барысында тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарды тыңдады.
Белсенді тұрғындармен, соның ішінде тұрғын алаптары мен МЖК өкілдерімен кездесу өткізіп, апатты және ескі үйлерді сүру, сондай-ақ медициналық, мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің құрылысы бойынша жұмыс кестелері талқыланды.
«Жақын арада тұрғын алаптарының мәселелерімен тікелей танысу үшін «Агроқалашық» тұрғын алабынан сайланған Талғат Ерғалиевпен бірге апатты үйлерді аралап, тұрғындармен кездесу жоспарланды. Кездесу барысында аула аумақтарын абаттандыру мен санитарлық тазалау бойынша міндеттерді бөлу, елордадағы маңызды оқиғалар туралы хабар тарататын телеарна ашу, сондай-ақ өткен жылы мәслихат депутаттары жеңімпаз атанған Senat Open шахмат турнирін ұйымдастыру мәселелері көтерілді.
Барлық мәселелер назарға алынды, ал жедел шешуді талап ететін сұрақтар бойынша қала және аудан әкімдіктерінің басқарма өкілдері шақырылды», - деп жазды Зейнұлқабден Табиғат.
Айта кетейік, биыл елордада 8 мыңнан астам адам кәсіптік оқытуға жіберіледі.