00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылады

25 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылады
фото: primeminister.kz

Премьер министр тиісті бақылаудың болмауы нысандарды енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкелетінін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.   

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. 

Үкімет басшысы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы нысандарды енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкелетінін атап өтті. 

Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын сапалы және уақытында іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды барынша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті. Ол ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдетуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдардың және облыс әкімдіктерінің алдына Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.  — деді Әлихан Смайылов.