00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қарағанды облысындағы өрт: Жедел желі іске қосылды

8 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Қарағанды облысындағы өрт: Жедел желі іске қосылды
Қарағанды облысының әкімдігінен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігі тұрғындарға өртке қатысты ресми ақпарат беру үшін жедел желіні іске қосты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аудан әкімдігінде 8-(72146) 31-3-66 нөмірі бойынша жедел желі телефоны жұмыс істейді.

 «Онда қазіргі жағдайға қатысты сұрақтарға жауап алуға болады. Қарқаралы ауданындағы өрт туралы ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарқаралы ауданының әкімі Әділжан Арғыновтың айтынша құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, өртті жою бойынша барлық шаралар қабылдануда.

«Өртпен күресу үшін 562 адам мен 81 техника жұмылдырылды.  Құтқарушылар тамақпен, сумен, техникаға қажет ЖЖМ толық көлемде қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, ауданның азық-түлік дүкендерінде қажетті азық-түлік, су мен басқалары бар», – деп жазды Әділжан Арғынов Instagram желісіндегі парақшасында.