Алматыдан Дели мен Мумбайға тікелей рейстер қайта жанданады
Air Astana әуе компаниясы Дели мен Мумбайға тікелей рейстерді қайта жандандырады, деп хабарлады Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әуекомпания 19 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы бағытындағы КС 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта жандандырады. Сондай-ақ 14 мамырдан бастап Алматы – Мумбай – Алматы бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыты бойынша ұша бастайды», - делінген компания хабарламасында.
Еске сала кетейік, 8 мамырда Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа байланысты Алматыдан Дели мен Мумбайға рейстердің тоқтатылатынын мәлімдеген еді.