«Сен – мақтабассың!»: Белгілі коуч жұмыс істемейтін әйелдерге шүйлікті (ВИДЕО)
Танымал коуч Роза Әшірбаева Instagram-дағы парақшасында дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көбі жұмыс істемейтінін, өздерін асырай алмайтынын айтып, ашуланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«3 НӘРСЕ КӨЗІҢЕ ШӨП САЛМАЙДЫ»
«Мен күйеуге тиіп, ешқашан жұмыс істемеймін дейтін әйелдерді түсінбеймін. Сен мақтабассың! Қазіргі кезде дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көпшілігі жұмыс істемейді. Ол не үшін дағдарыс орталығында? Өйткені, оның күйеуі оны үйден қуып жіберген кезде оны бала-шағасымен ешбір туысқаны, досы - ешкім оны қабылдаған жоқ. Ешкім қабылдаған жоқ, қабылдамайды да. Сен өзіңді-өзің асырай алмайсың. Осы 3 нәрсе әйелден ешқашан бас тартпайды. 3 нәрсе сені үйден қуып шықпайды. 3 нәрсе көзіңе шөп салмайды. Ол: сенің өзіңнің пәтерің, сенің ақшаң және сенің жұмысың», - деді ол.
«ПОСОБИЯҒА ҚАРАП ОТЫРУ – ЖАЛҚАУЛЫҚ!»
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Қашан түн болады?»: Құралай ханым жолдасымен қайта неке жаңғыртты
Әлеуметтік желі оқырмандары да коучты қолдай кетті.
«Еркекке сенгенше екі босағаңа сен деген атам қазақ», «Дұрыс! Әйел ақша табуы керек. Бес минуттан кейін нендей нәрсе болатыныңа кепілдік жоқ. Кез келген уақытта өмір сүріп, бала-шағаңа ақша тауып бере алатындай болуы керек әйел. Пособияға, байдың ақшасына қарап, ай сайын соны күтіп отыру — жалқаулық!!! (Бұл сөзім баласы кішкентай келіншектерге қатыссыз.) Өмір бар жерде өлім бар, егер ер адам қайтыс болса, или ажырасып кетсе, болмаса еркек адам жұмысқа жарамай қалса не істейді сонда? Соны ойлау керек!», — деп жазып жатыр олар.