Әлеумет

Министрлік мобильді аударымдарды тексеруге қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің оңтайлы жолы іздестіріліп жатыр. Бұл бағытта Қаржы министрлігі жаңа бастама көтерді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазір банктер үш ай бойы әртүрлі адамнан 100-ден аса аударым алған қазақстандықтар туралы салық органдарына ақпарат беруі қажет. Тағы бір маңызды шарт: ақша түскен шот кәсіпкерлік қызметке арналмауға тиіс.

Енді Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкпен бірлесіп, жаңа өзгерістер енгізуі мүмкін.

"Қолданыстағы шарттарға шекті сома қосылады, яғни бұл дегеніміз түскен мобильді аударымдар 3 күнтізбелік ай ішінде 12 АЕК-тен (1 020 000 теңге) асуға тиіс", - деп жазылған хабарламада.

Осылайша, екінші деңгейлі банктерге 3 ай ішінде 1,02 миллион теңгеден аз мобильді аударым түскен қазақстандықтар туралы ақпаратты салық органдарына бермеуге рұқсат етіледі. Мобильді аударымдардың саны үш ай бойы 100-ден көп болған жағдайда да рұқсат етіледі.

Қаржы министрінің тиісті бұйрығы қазір Ұлттық банктің қарауында. Яғни шешім әлі қабылданған жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін қаңтар айынан бастап мобильді ақша аударымдарына шектеу қойылатынын жазған болатынбыз.