Әлеумет

Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысының тапсырмасымен төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Әбдірайым Мұса Сайранбайұлын «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сондай-ақ Мұса Әбдірайымға ақшалай сыйақы табысталды.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайында белгісіз ер адам қызметкерді кепілге алған болатын.

52 жастағы азамат жолаушы ретінде Алматы халықаралық әуежайының ұшуға дейінгі тексеру аймағына кірген қылмыскердің қолындағы пышағын тартып алды. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында ол әуежай қызметкерінің өмірін сақтап қалды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына орасан зор көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біздің елде әрқашан бейбіт аспан, келісім мен өркендеу болсын!», - деді Мұса Әбдірайым.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адам бұрын істі болған.

Бұдан бұрын Бағлан Әбдірайымов әуежайда қызды құтқарған ер адам ағасы екендігін айтқан болатын.