Елімізде жеңілдетілген автонесие әр алты адамның тек біреуіне берілген
ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 10 жылдан асқан жеңіл көліктердің бүкіл автопарктегі үлесі бір жыл бұрынғы 65,6% көрсеткішпен салыстырғанда 70,4%-ды құрап, 2,7 млн болып отыр.
Бұл ретте пайдалану мерзімі үш жылдан аспаған жаңа көліктердің саны небәрі 7,9%-ды құраған, бұл 2021 жылдың шілдесімен салыстырғанда 4,8%-ға аз көрсеткіш.
Мемлекет еліміздің автопаркін жаңарту мақсатында 16 мамырдан бастап жеңілдетілген автонесие бағдарламасын іске қосты. Қоғамдық саясат институтының зерттеуі көрсеткендей, қазақстандықтардың көпшілігінің автонесие алуға берген өтінімі мақұлданбай тасталған, - дейді мамандар.
Осылайша, әрбір алтыншы қазақстандық жеңілдетілген автонесие алуға өтініш бергенімен, тек біреуі ғана мақұлданып отырған. Қалғандарына автосалондарда көліктің болмауына, қаржыландырудың жетіспеушілігіне немесе төлем қабілеттілігінің төмендігіне байланысты несие беруден бас тартылған.
Көбінесе автокөлік несиесі Жетісу (3,5%), Ақмола (2,8%), Батыс Қазақстан (2,3%), Маңғыстау (2,3%) облыстарының және Шымкент қаласының (2,5%) тұрғындарына мақұлдаған, - делінген зерттеуде.
Респонденттердің 70,9%-ы бағдарламадан хабардар болмағандықтан, сондай-ақ сенімсіздік танытқандықтан оған қатыспаған.
Тағы бір айта кетерлігі, гендерлік тұрғыдан әйелдерге (8,2%) қарағанда, ерлердің (10,1%) несие алу туралы өтінімі жиі мақұлданбай тасталады.