00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жұрт көпқабатты үйдің төбесінде тауық баққан азаматқа үй әпермек

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жұрт көпқабатты үйдің төбесінде тауық баққан азаматқа үй әпермек
ашық дереккөз

БАҚ-та жарияланған 6 баланың әкесі ақтаулық Рүстемнің оқиғасы блогер Дәулет Төлеутай мен кәсіпкер Сырымбек Тауды бей-жай қалдырмапты.

«Кеше үйінің шатырына тауық өсіріп отырған көпбалалы ақтаулық тұрғын туралы сюжетті парақшама салдым. Рүстемнің 6 баласы бар. Бір бөлмелі пәтерде тұрады. Ол бұл қадамға мәжбүрлі түрде, отбасын асырау үшін барғанын айтады. Отбасы тұрып жатқан пәтердің ауданы небәрі 27 шаршы метр. Менің жазбама алматылық кәсіпкер Сырымбек Тау пікір жазды. Ол ақша жинап, оларға баспана әперейік деген бастама көтерді. Тауығын бағып, басқа да мал ұстауға болатындай үй. Мен қолдадым. Ал менің әріптесім Дәулет Төлеутай Ақтауда болып, Рүстеммен жүздесіп, өз қорына ақша жинауды бастап кетті. Қазірдің өзінде 8 миллион жиналды. Мен 500 мың беремін. Барлығыңызда оған көмектесуге мүмкіндік бар. Келесі аптада Рүстемге Ақтаудан үй әпере аламыз», - деді журналист Динара Сәтжан.

Еске сала кетсек, бұған дейін көпқабатты үйдің шатырында тауық асырап, отбасын қамтамасыз етіп отырған Ақтау тұрғынына Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 408 және 505-бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынғанын жазған болатынбыз. Енді ол үй құстарын сатуға мәжбүр.