Видео

«Жыл сайын ақталып, сырланады»: Павлодар облысы «күнкөсемнен» қашан құтылады (ФОТО)

31-телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметіндегі сюжетте айтылғандай, бұл – қоғам белсенділерін бейжай қалдырмаған.

Олар бірден наразылық білдірді. 

Ақсу қаласының өзінде кеңестік «күнкөсемнің» 21 ескерткіші бар екен. Павлодар қаласында да Ленин мүсіндері жеткілікті. Ал жергілікті әкімдік өкілдері бұл ескерткіштердің «ешқандай мемлекеттік маңыздылығы жоқ» екенін, тек Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ауылдардан жиналған мүсіндерді осы жерге орналастырғандарын айтып, ақталып жатыр. Атқамінерлердің айтуларынша, алдағы уақытта барлық мүсін алынып, аумақ абаттандырылатын көрінеді.

Мамандар бюсттардың ешқандай мемлекеттік мекеменің балансында емес екенін айтады. Ал көне ескерткіштерді құлатуды 2023 жылға жоспарлап отыр екен. 

Айта кетейік, өңірдегі қаптаған кеңестік ескерткіштердің «көзін жою» туралы мәселелер бұған дейін де талай рет айтылып, жазылды да.

-->

Ескерткіштердің барлығы Кеңес заманында жасалған. Әрі-бері өткен адамның көзіне оғаш көрінетін, ешқандай маңыздылығы жоқ мүсіндерді алып тастап, орнына қазақтың даңқты тұлғаларын қою керек, - дейді олар.

Ақсу қаласының өзінде кеңестік «күнкөсемнің» 21 ескерткіші бар екен. Павлодар қаласында да Ленин мүсіндері жеткілікті. Ал жергілікті әкімдік өкілдері бұл ескерткіштердің «ешқандай мемлекеттік маңыздылығы жоқ» екенін, тек Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ауылдардан жиналған мүсіндерді осы жерге орналастырғандарын айтып, ақталып жатыр. Атқамінерлердің айтуларынша, алдағы уақытта барлық мүсін алынып, аумақ абаттандырылатын көрінеді.

Бұл ескерткіштер 90-жылдардың басында Ақсу ауылдық аймағының барлық елді мекенінен жиналып әкелінген. Мұның ешқандай мемлекеттік маңыздылығы жоқ. Тек саябақ аумағында орналасқандықтан жыл сайын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізіліп тұрады, – дейді Ақсу қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қанатбек Байманов. 