Полицейлер қала тұрғынынан сегіз «Сайга» қаруын тәркіледі (ВИДЕО)
Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды.
“Камерад” қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.
-->Бұл жолы Алматының Наурызбай ауданы тұрғынының сарайынан қару-жарақ, оптикалық көздеуіш және аңшылық құралдары сақталған орын табылды.
Арнайы іс-шара кезінде 1984 жылы туған К. есімді азамат ұсталды, ол жедел іс-шаралар барысында осы жылдың 5 қаңтарында “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқандығы, нәтижесінде 12-ші калибрлі тегіс ұңғылы сегіз мылтықты ұрлағандығы анықталды. Күдікті олжаны “жақсы уақытқа дейін” үйдің адамдарының көзінен алшақ, сарайда жасырған. Барлық қарулар тәркіленді. Оларға сараптама тағайындалды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
“Камерад” қару-жарақ дүкенінен қару-жарақ пен өзге де мүлікті ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі тергеп жатыр. Күдікті қамауға алынды.