TikTok жабыла ма? – министр жауабы
Бұл сұраққа бүгін Үкімет отырысынан кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазіргі таңда жабу мәселесі қарастырылмайды. Өйкені біз TikTok-тың өкілдерімен тығыз жұмыс істеп отырмыз. Олар қазір барлық Заңымызға қатысты біздің талаптарымызды орындап отыр. Біріншіден, заңсыз контентті алып тастау, оны оқшауландыру мәселесін қарастырып отыр. Осыдан 1-2 ай бұрын заңсыз контенттің үлесі көп болып кетті. Содан біз TikTok-пен жұмыс істеп, оны алдырып тастау мәселелерін қарастырғанда сондай техникалық ақаулар болды. Өйткені олар да жұмыс істеді, біз де жұмыс істедік. Қазір ондай үлкен көлемдегі құқыққа қайшы келетін контент 80 пайызға қысқартылды. Десек те, қазір айтып отырмыз ғой, көптеген қолданушылар дұрыс-бұрыстығына қарамай контентті жүктей береді. Сол арқылы біздің жұмысты қиындатып отыр. Тоқтату мәселесі ең бірінші қолданушыларға байланысты. Егер заңсыз, елді дүрліктіретін контент көбейетін болса, Ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін болса, әлбетте осы мәселелер көтерілетін болады. Бірақ қазіргі таңда ондай мәселе жоқ», - деді министр.