Үкімет

Сот орындаушылар телефонын көтермейді – комитет төрағасы

Бұл туралы Үкімет сағатында айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Заңнама және сот-құқықтық  реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева сот орындаушылардың өндіріп алушылар және борышкерлермен тиісті өзара іс-қимыл жасамайтынын айтты. Соның салдарынан азаматтар сот орындаушыларымен тиісті кері байланыс орната алмай жүр.

«Сот орындаушылар мен олардың көмекшілері әдепсіз мінез-құлық танытып, дөркелікке жол беріп, ақпарат бермей, өндіріп алушылар мен борышкердің телефонын алмайтын әрекеттері жалғасуда. СМС арқылы хабарлама енгізілгеніне қарамастан, борышкерлер шоттары бұғатталып, мүлігіне тыйым салынып немесе елден шығуға шектеу қойған сәтте ғана атқарушылық іс қозғалғанын біліп жатады. Бұл сот орындаушылардың екі тарапқа формалды түрде ғана хабарласып, әрі қарай жағдайды түсіндіру және өзара әрекеттер жасау үшін қоңырау шалып хабарласпайтынын көрсетеді. Әдеп нормаларын бұзғаны және атқарушылық іс жүргізу қатысушыларымен тиісті өзара іс-қимыл жасамағаны үшін сот орындаушыларының тәртіптік жауапкершілігін күшейту қажет», - деді Снежанна Имашева.