Үкімет

Олжас Бектенов: Қыс бойы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету маңызды

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-Министр жылу беру уақтылы жүзеге асырылғанын атап өтті – ешқандай үзілістерге жол берілмеді, алдағы күндері еліміздің оңтүстік өңірлерінде де жылу беріледі.

 «Үлкен жұмыс атқарылды. Оны бөлінген қаржы көлемінен де, жүргізілген жұмыс ауқымынан да байқауға болады. Енді ең бастысы – жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізіп, жоспарланған барлық параметрлерді сақтай білу. Коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды», — деп атап өтті Үкімет басшысы. Өңірлердің әкімдеріне жылу беру маусымының барлық мәселелерін жеке бақылауда ұстау тапсырылды.