Үкімет

Олжас Бектенов шығындарды қатаң бақылауды тапсырды

Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобасын мақұлдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша 2026-2028 жылдарға және 2035 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары, сондай-ақ алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы мақұлданды.

«Республикалық бюджет жобасы мен жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру барысында жаңа Бюджет және Салық кодекстері ескерілген.
Барлық мемлекеттік органдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамудың белгіленген параметрлеріне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын.
Бюджет қаражатын барынша тиімді және уақтылы пайдалану, сондай-ақ шығындарды қатаң бақылауда ұстау маңызды», - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет Аппаратымен бірлесе отырып заң жобаларын Парламентке 1 қыркүйекке дейін енгізу тапсырылды.