Олжас Бектенов: Бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен әкімдіктер жұмысының маңызды басымдығы
Үкімет отырысы барысында Премьер-министр орталық және жергілікті атқарушы органдарға инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенінің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бағаны тұрақтандыру – Үкімет пен әкімдіктер жұмысының маңызды басымдығы болып саналады. Өңірлер ішкі нарықты өніммен қамтамасыз ету және делдалдық схемаларды анықтау жұмыстарын күшейтуге тиіс. Бұл орайда тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімдер, субсидиялау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты тиімді құралдар бар. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту керек. Барлық бағыттар мен салалар бойынша кең ауқымды шараларды жүзеге асыру тұрақты экономикалық өсімнің берік негізі болып саналады», - деп атап өтті Олжас Бектенов.