Үкімет

Негізгі басымдықтар өңірлердің экономикалық дербестігін іске асыруға бағытталады – Серік Жұманғарин

Бүгін «Жалпы сипаттағы трансферттерді айқындау жөніндегі жаңа тәсілдер» тақырыбында Үкімет сағаты өтіп жатыр. Онда Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру жөнінде баяндама жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Серік Жұманғарин Үкімет сағатының бүгінгі тақырыбы өзекті екенін, ол барлық өңірлердің және жалпы халықтың мүдделерін қорғайтынын айтты.  

«Бюджетаралық қатынастар жүйесі  өңірлердің бюджетпен қамтамасыз етілу деңгейін теңестіруге және елдің Конституциясымен, заңдарымен кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүйенің мәні мемлекеттің қайта бөлу функциясын орындау. 2008 жылдан бастап бюджетаралық қатынастар тұрақты сипатқа ие. Әрі бюджеттік қалып қоюлар мен  субвенциялар көлемі жыл сайын өзгеріссіз үш жылға заңмен бекітіледі.

Үш жылдық кезеңге  субвенциялар мен алып қоюларды бекіту өңірлер үшін ынталандырушы сипатқа ие және әкімдердің қосымша табысты жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге дербес жұмсауға мүмкіндік береді. Бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы негізгі басымдықтар өңірлердің өз әлеуетін, экономикалық дербестігін іске асыруы үшін жағдай жасау, базалық инфрақұрылымда және жалпы дамуда аса үлкен алшақтықтарға жол бермеу болып отыр», - деді ол.