Өндіріп алушының немесе борышкердің құқықтары әрбір екінші жағдайда бұзылады – Снежанна Имашева
Бұл туралы Үкімет сағатында айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева атқарушылық іс жүргізуде борышкерлердің де, өндіріп алушылардың да құқықтарын бұзу жиі орын алатынын айтты.
«Тараптар өз құқықтарын қорғау үшін, әдетте, сотқа жүгінеді. Жыл сайын сот орындаушыларына қойылатын талап-арыздар саны артып келеді. Көбінесе олар сот орындаушысының әрекетсіздігіне немесе оның заңсыз әрекеттеріне шағымданады. Жоғары соттың ақпараты бойынша, 2024 жылы соттарға осы сипаттағы 8 мыңнан астам әкімшілік арыз келіп түсті. Оның 5,9 мың арызы қайтарылды. Соттар барлығы 2,5 мың шешім шығарды. Оның ішіндегі 1 мыңға жуығы немесе 41%-ы талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған. Ал 1800 іс тараптардың татуласуымен аяқталған. Бұл сандар көптеген жағдайда сот орындаушыларының мәселені сотқа жібермеуі мүмкін екенін көрсетеді және шығарылған шешімдердің 41%-ы борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтары әрбір екінші жағдайда бұзылғанын растайды», - деді Снежанна Имашева.