Мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушыларға жаңа талаптар қойылады
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оның айтуынша, еліміздің ірі тапсырыс берушілер, оның ішінде мемлекеттік органдар мен жер қойнауын пайдаланушылар отандық құндылықтың үлесін арттыру бойынша бағдарламалар әзірлеп, іске асыруы тиіс.
Осылайша, ресурстарды өндірумен айналысатын компаниялардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алатын тұрақты және сенімді өндірістер құру жоспарлануда.