Үкімет

Мал шаруашылығы саласында оң динамика бар – Айдарбек Сапаров

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40%-ы мал шарушылығына тиесілі. Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемінің өсімі - 104,2% жеткен.

«Бұл өсім сойыс салмақтағы еттің көлемін 3%-ға, сиыр сүтін 7,5%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Ет өндіру көлемі бойынша ең жоғары көрсеткіштерге Алматы, Ақмола облыстары, ал сүт өндірісі бойынша – Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары қол жеткізді», - дейді министр.

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басы тұрақты өсуде.

Ірі қара 23,4%-ға артты (9,6 млн бас),

Ұсақ мал – 7,8%-ға (26,3 млн бас),

Жылқы – 12,2%-ға (5,0 млн бас),

Түйе – 8,5%-ға (321,3 мың бас),

Құс – 2,2%-ға (47,7 млн бас) өсті.

«Өндіріліп жатқан өнім көлемі ішкі нарықты сиыр және қой етімен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті экспорты 1,4 есеге артты және 22 мың тоннадан асты, қой еті – 2,2 есеге өсіп, шамамен 18 мың тоннаға жетті», - дейді министр.

Жыл басынан өңделген мал шаруашылығында өңделген өнімдері өндірісі артты, оның ішінде шұжық өнімдері – 11,3%-ға, ет консервілері – 28%-ға, салқындатылған және мұздатылған қосалқы өнімдер тиісінше 42 % және 47,1%-ға өсті.

«Алайда, жекелеген өнім түрлері бойынша импортқа тәуелділік мәселесі әлі де өзекті. Осыған байланысты саланың бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шара іске асырылуда», - дейді Сапаров.