Әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы 90%-дан асады
Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Нысандар мен инфрақұрылымның қазіргі дайындық жағдайы туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев баяндады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бүгінгі таңда білім беру және денсаулық сақтау нысандарының дайындығы еліміз бойынша орта есеппен 90%-дан, тұрғын үйлер дайындығы 83%-дан асады. Сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары 63% орындалды.
«Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі таңда 11 200 дербес қазандық дайындалды, бұл жалпы санның 85%-ы. Дербес қазандықтар үшін керек көмір 51%-ға, мазут қоры 91%-ға, дизель отыны 39%-ға дайындалған», - деп атап өтті министр.