Үкіметте энергетикалық жобаларды іске асыру барысы қаралды
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша Үкімет жүргізіп жатқан жұмыс шеңберінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, QazaqGaz ҰК АҚ, «Самұрық-Энерго» және KEGOC АҚ бірінші басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жиынға қатысушылар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО-ның, Қашаған кен орны мен Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауыттарының, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының құрылысы сияқты стратегиялық жобалардың ағымдағы мәртебесі туралы баяндады.
Кеңес барысында тиісті тапсырмалар берілді.