Үкімет

Үкімет биыл геологиялық барлауға 30 млрд теңге бөледі

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі ресурстық базаны кеңейту екенін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жер қойнауын геологиялық барлау көлемін арттыру үшін биылдан бастап қаржыландыру көлемін едәуір ұлғайтамыз. Біз жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру бойынша аукциондардан түсетін бонустардың қаражаттарын геологияны дамытуға бағыттау туралы шешім қабылдадық. Биыл бұл сома кемінде 30 млрд теңгені құрайды. Аталған қаржы көлемі әлі де арта түсетін болады. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүріп жатыр», - деді Премьер-министр.