Үкімет

Биыл $25 млрд тікелей инвестиция тарту жоспарланды – Үкімет отырысы

Биыл шамамен $25 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту жоспарланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бұл үшін белсенді тәсіл қолданылады.

«Бизнес қажеттіліктеріне бағдарланған өңірлік инвестициялық бағдарламалар қалыптастырылды. Олар шетелде инвесторларды нысанаға алу үшін негіз болады. Fast Track немесе «жасыл дәліз» жүйесі бойынша экономиканың басым салаларында 134 инвестор мемлекеттік қызметтерді жедел алудан өтті», - деп атап өтті вице-премьер.