Бектенов Теңіз кен орнындағы негізгі мұнай-газ жобаларын аяқтауды тапсырды
Олжас Бектенов газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдетуді және Теңіз кен орнындағы негізгі мұнай-газ жобаларын аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.
«Мұнай-газ саласында Теңіз кен орнындағы Болашақ кеңейту жобасын және Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын толық іске қосуды аяқтау қажет. Сонымен қатар газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын іске асыруды жеделдетуді тапсырамын», - деп атап өтті Олжас Бектенов.