Үкімет

Бектенов негізгі экотуризм нысандары картасын жасауды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселесі бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Президент бастамасына, оның ішінде табиғат пен мәдени мұра нысандарына ұқыпты қарау бойынша құндылықтарды ескере отырып, Туризм министрлігі алдына облыстар мен қалалар әкімдіктерімен бірлесіп, әрбір елді мекен бойынша барлық бұқаралық спорттық іс-шараның бірыңғай күнтізбесін әзірлеу міндеті қойылды.

Орналасқан жері, туристік нысандар және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіле отырып, жалпыға бірдей пайдалануға арналған негізгі экотуризм нысандарының картасын жасаудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар Мәдениет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде халық арасында экологиялық және рухани мәдениетті тәрбиелеу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу міндетін қойды.

Жұмыс қорытындысы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын өзектендіру тапсырылды.